Б. Артаев «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының президенті болды

Салтанатты шара барысында "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Клубтың президентін таныстырды. Бұл лауазымға 2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев тағайындалды.

Бақтияр Артаев 1983 жылы туған. Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын тамамдаған.

Еңбек жолын «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның менеджері болып бастаған. ҚР ІІМ ішкі әскері спорт командасының аға нұсқаушысы, маман, бөлім бастығының орынбасары, «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның инженері, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеген.

2009 жылдан бері Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген. Ал 2011 жылдың қаңтарында Б.Артаев Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.