Б. Байбек белгілі жазушы Әкім Таразиді 80 жылдық мерейтойымен құттықтады


«Сіздей қазақ халқының маңдайалды азаматтарының «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі мүшесі болғаны біз үшін зор бедел, үлкен мәртебе. Партиямыздың негізгі құндылықтары айқындалған Доктринасында ауызбіршілік пен келісімнен кейін басты орынға төл мәдениет пен руханият мәселесінің жоғары қойылуына Сіздің айтулы үлесіңіз бар. Ұлттық даму жоспарын көпшілікке жеткізу бағытында өзіңізбен бірге, қоян-қолтық жұмыс жасауға тілектестік білдіремін», - деді өз сөзінде Б.Байбек.