«Б» корпусындағы 65 мың адам ақпанда аттестациядан өтеді


Алдымыздағы 1 ақпаннан бастап кадрлық резервтің «Б» корпусында тұрған 65 мың мемлекеттік қызметші аттестациядан өтеді. «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ мемлекеттік қызметті басқару басқармасының басшысы Ғанижан Асанұлының айтуынша, бұл аттестацияның өзге аттестациядан бірқатар ерекшеліктері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл аттестацияның бір ерекшелігі, мемлекеттік қызметшілер заңнаманы білуге арналған тестілеуден өтпейді. Алғаш рет мемлекеттік қызметшілердің жеке құзыреттерін анықтауға бағытталған тестілеу өткізілейін деп отыр»,-дейді Ғ.Асанұлы. Басқарма басшысы атап өткендей, бұрын бұл аттестацияға тек төмен көрсеткіші бар мемлекеттік қызметшілер қатысатын еді. Енді ақпан айында «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің барлығы осы аттестацияны тапсырмақ. «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің саны - 65 мың адам. «Жалпы аттестаттау үш негізгі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - мемлекеттік қызметшілердің жеке бағалау парағын толтыру, екінші кезең - жеке құзыреттерді бағалауға бағытталған тестілеу, үшінші кезең - əңгімелесу. Қазіргі таңда осы жоғары аттестациялау комиссиясының тестілеуінен өтетін мемлекеттік қызметшілердің, яғни, министрліктің, департамент директорларының, сондай-ақ комитет төрағаларының орынбасарларының, орталық мемлекеттік органдардың аумақтағы департамент басшыларының бағалау парағы толтырылып жатыр. Мемлекеттік органдар бұл бағалау парақтарын агенттікке 1 ақпанға дейін тапсырып бітеді. Бағалау парағында мемлекеттік қызметшіге қатысты жеке мəліметтер, оған қатысты бағалау қорытындылары, марапаттау немесе тәртіптік жазаға тартылған құжаттары көрсетіледі. Сонымен қатар, оның тікелей басшысы берген мінездеме де қоса көрсетіледі. Бұл жұмыстардың барлығы 1 ақпаннан басталады. Бағалаудан өткеннен кейін бұл тұлғалар 7 ақпанда жоғарғы аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өтеді. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша алдыңғы екі кезеңнің бағалау парағын ексерген алқалы комиссия қорытынды шығарады», - деп түсіндірді бүгін журналистерге Ғ.Асанұлы.