Б. Сұлтанов Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі қызметіне тағайындалды

Бұл туралы    Ақорданың  баспасөз қызметінен хабарлады.

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Б.Т. Сұлтановты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлығы

 Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын.

 Қазақстан Республикасының 

                              Президенті                                                                                                Н.Назарбаев

  Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 қараша