Үкімет жанынан құрылған арнайы комиссия жекеменшік 13 банкпен келіссөз жүргізіп, оларды несиесін төлей алмай жүрген азаматтардың қарызын кешіруге көндіріпті. Кешірілген жалпы сома - 356 миллион дирхам немесе 98 миллион доллар. Осылайша үкімет 3 мыңдай азаматтың банк алдындағы несиесін жауып берді.
БАӘ билігі мұндай қадамға елдегі экономикалық-әлеуметтік тұрақтылықты нығайту үшін барғандарын айтып отыр.