БАӘ компаниясы Қазақстандағы коммерциялық қызметін кеңейтуді көздеп отыр


Dubai Investments сәрсенбі күні Қазақстан мен онымен шекаралас елдердегі коммерциялық қызметін кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді.

Биылғы жылы Dubai Investments-тің тоғыз бірдей еншілес компаниясы 4-7 қыркүйек аралығында Алматыда өтіп жатқан «KazBuild-2013» көрмесіне қатысуда, деп хабарлады концерннің бас директоры Әбдул Әзиз бин Әл Серкал.