БАБАЛАР СӨЗІ: Ағыбай батырдың Құнанбайды сөзден жеңуі

Сонда Ағыбай өткір көзін Құнанбайға қадап:

Тоқырайып отырып,
Түсті ме көзің тотыға?
Тонды кісі сорлы ма?
Жөнін тауып сөйлесең,
Кім көнбейді жолдыға?
Тәңірім калап, жарқыным,
Басыңа бақыт қонды ма?
Басыңа бақыт қонған соң,
Тәкәппарлық ішіңе толды ма?
Алым еді ғазәзіл,
әкәппарлық қылам деп,
Ақыры оның оңды ма? - депті.

Мұны естіген Құнанбай орнынан ұшып тұрып, Ағыбай батырға:


Ассалаумағалейкум, қолыңды бер, ағажан,
Бір сөзіңіз бір сөзбен асып кетті шамадан.
Әсер етті сөзіңіз кетпестей қолым жағадан,
Қолыңды бер, өтініш, лаж жоқ басқа тобадан, - деп Ағыбайдың қолын алып, кешірім сұраған екен.