"Бабамыздың аруағын қорлау ниетім болмаған": Қайрат Әділгерей күй атасы Құрманғазыны келеке еткені үшін елден кешірім сұрады

Жергілікті ақсақалдар тіпті оны сотқа беретінін мәлімдеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Актердің айтуынша, ол подкаст осыдан үш-төрт жыл бұрын жарияланғанымен, әлі де көптің қызу талқысына түсіп отыр. Өнер иесі осыған орай, елдің алдына шығып, кешірім сұрауды жөн көрген.

"Қазақ тарихының тұлғасы Күй атасы Құрманғазы бабамыз турасында айтылған сөздеріме түсініктеме беруді жөн көрдім! Бұйыртса жақын арада бабамыздың жатқан жеріне барып, құран бағыштап,ұрпақтарынан кешірім сұраймын! Бабамыздың аруағын қорлау ниетім болмаған!", - деп жазды ол.