Бадминтоннан 2021 жылғы әлем чемпионаты кейінге шегерілді


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дүниежүзілік біріншіліктің өзгертілуіне коронавирус пандемиясына байланысты Токиодағы Олимпиада ойындарының кейінге шегерілуі себеп болған. Атап айтқанда, бадминтоннан өтетін әлем біріншілігі Олимпиада ойындарының өтетін уақытымен тұспа-тұс келген.

Әлемдік бадминтон федерациясының хабарлауынша, 2021 жылғы әлем чемпионаты 29 қараша мен 5 желтоқсан арасында өтеді.

Айта кетерлігі, халықаралық федерация бадминтоннан өтетін 2021 жылғы жарыс кестесін әлі құрастыруда.