Бағалау қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан 235 үміткер сүрінбей өтті

Оның атап өтуінше, аталған сынаққа барлығы 640 үміткер шақырылған. Дегенмен емтиханға 484 адам келіп қатысса, оның 235-і ғана сынақтан сүрінбей өткен.

Қарағанды облысы және Алматы мен Астана қалаларынан келген үміткерлер өте жақсы нәтиже көрсеткендігін атап өткен ресми өкіл: «Үміткерлер үшін бағдалаудың халықаралық стандарттары бойынша, сонымен қатар Азматтық және Жер кодекстері негізінде дайындалған құқықтық сұрақтар қиындық тудырды», - деді.

Е.Ерімбеттің сөзіне қарағанда, өкілетті органның біліктілік емтиханынан өту туралы шешімі тиісті лицензия алу үшін қажетті құжаттардың бірі болып табылады.