Бағаны негізсіз көтерген жанармай стансаларына айыппұл салынды


Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің мәліметтеріне қарағанда, Атырау облысында «Байшал-Агро-Нефтепродукт» және «Атырау Мұнай Өнімдері» кәсіпорындары Аи-92/93 маркалы жанармайдың бағасын негізсіз көтерген. Бұл компанияларға 27 мың теңге айыппұл салынып, монополиялық табысы тәркіленді. Сондай-ақ Ақмола облысындағы «АЗС-Есіл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жанармай саудасында заң бұзған. Кәсіпорынға 10 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды 24.kz.