"Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік тобы мойнына алған шабуылдан 200 адам жарақаттанған.
Бағдадтың орталығындағы Әл-Каррада ауданында автокөлікке орнатылған жарылғыш зат іске қосылған, арада біршама уақыт өткенде қаланың солтүстік бөлігінде екінші жарылыс болған. Дүкендер мен дәмханалар жиі орналасқан бұл ауданындағы жарылыс оразадағы ауызашардан кейін адам қарасы көбейген шақта жасалған.
Жарылыстар бірталай уақыттан бері ИМ тобы бақылауында ұстап келген Фаллуджа қаласын үкімет әскери экстремистерден қайтарып алған соң бір аптадан кейін жасалып отыр.