Бағытты таксилердегі жолақының қымбаттауы жанармай бағасының өсуіне байланысты - Алматы көлік және коммуникация департаментінің директоры

Оның айтуынша, жүргізушілер кеңінен тұтынатын АИ-80 маркалы жанармайдың бір литрінің бағасы қазір 53-54 теңгені құрайды. "Егер жолаушы тасымалының өзіндік құнының 40 процентін жанар-жағармай иемденетінін ескерсек, бағаның қымбаттауы табиғи жағдай болмақ",- деді В.Сухоруков.

"Көлік туралы" заңның 10-бабына сәйкес тасымалдаушы өзі атқаратын тасымал жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейдегі бағаны өз еркімен белгілеуге құқылы, деді департамент директоры. Осы орайда ол зейнеткерлер, студенттер мен мектеп оқушылары үшін жолақы құны бұрынғы қалпында қалатынын атап көрсетті. Зейнеткерлер үшін жолақы 10 теңге, студенттер билет құнының 50 процентін, ал мектеп оқушылары айлық жолақы билеті болған жағдайда тегін тасымалдануы тиіс. Ал ондай билеті болмаған жағдайда, мектеп оқушылары "Көлік туралы" заңға сәйкес жолақының 50 процентін төлейді.