"Баян неге елді көп шулатады": Психолог танымал продюсерді алда не күтіп тұрғанын болжады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, Баян Алагөзованың тұлғалық белгісінде истироидты белгілер көп.

"Баян Алагөзоваға қарап, оны көбінесе тұлға ретінде "нарцисс" деп ойлауы мүмкін. Бірақ ол нарцистер сияқты салқынқанды, тұйық емес. Керісінше, барынша шығармашылыққа жақын, адамды өзіне қаратындай жарқын адам. Мұндайды психологияда "истироид" деп атайды. Оны продюсердің үнемі бір оқиғалардың басы-қасынан жүруінен байқауға болады.

Ол үнемі түрлі байқаула ұйымдастырып жатады, немесе қандай да бір шулы оқиғаның ортасында жүреді. Себебі, ол елдің алдында жүрмесе, жаны қиналады. Мұндай мінез оның жеке өмірінде де бар. Ол өзіне де, жарына да талапшыл. Көп жұмыс істейді, маңайын бақылауда ұстайды. Мұндай адамдар қалай шығармашыл, нәзік болса да, жұмыста барынша қатал болуы мүмкін", - дейді маман.

Десе де көпшілік Баян Алагөзованы ондай емес екенін, оны қазақтың маңдайына біткен ержүрек қызы екенін жазып жатыр.