Бай дастархан мен ішімдік: ҰБТ комиссиясын қалай күтті

Осындай жағдайлардың бірі Алматыда тіркелген. UIB (Халықаралық бизнесс университеті) ЖОО-ға жіберілген БҒМ жанынан құрылған комиссия мүшелері ҰБТ науқаны кезінде көңіл көтеру мекемлерінде ішімдік ішіп, бейәдеп қылық танытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап.

"Осы дерекке қатысты қызметтік тексеру басталды. Жоғарыда аталған жәйттарға қатысы бар барлық тұлғалар заң аясында жауап беретін болады", - делінген ведомство хабарламасында. 

Айта кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны маусымның 20-30 аралығында Қазақстанның барлық білім беру мекемлерінде өтті.