Байбақты Сырым батырдың әкесі Даттың есімі қалай қойылған?


Бірнеше күн жүргесін бір елсіз далаға түнеп, демалу үшін тамақ пісіруге қостарының алдынан жерошақ қазғанда, көп алтын шығыпты. Алтынды бөлісіп алып, түнгі ұйықтауға жатқасын екі жолдасы Шоланды өлтіріп, алтынды өздері алуға ұйғарып, ұйықтап жатқан жерінде аяқ-қолын байлап, Шоланды өлтіруге кіріскен. Өзін өлтіретініне көзі жеткесін: «Сендер мені өлтіресіңдер ғой, менің сендерден
жалғыз ғана тілегім -сендер елге барғасын менің әйелім жүкті еді. Босанар, егер де ұл туса, атын Дат деп қойыңдар», деп арыз қылыпты. Шоланды өлтіріп, базарын базарлап, көп алтынмен байып, екі жолбазаршы елге келген. Бір күні Шоланның әйелі босанып, ұл бала туыпты. Баяғы екеуі: «Шолан марқұм қатты ауырып жатса да, өлер алдында бізге аманат етіп: «Дүниеге ұл бала келсе, атын
«Дат» деп қоюды өтініп жан тәсілім болып еді», - деп, балаға Дат деп ат қойыпты.