Республика сарайында өткен салтанатты жиында қала басшысы құттықтау сөздерін айтты, деп хабарлайды tengrinews.kz "Құрметті алматылықтар, көктемнің келуі қуаныш сыйлайды, оның үстіне керемет мереке - Халықаралық әйелдер күнін атап өтеміз. Барлық әйелдерді, алматылықтарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймын. Әйел ол сұлулық, мейірімділік пен даналықтың белгісі. Ерлерді батырлыққа рухтандыратын сіздер. Әрбір жетістікке жеткен ер адамның артында әйел тұр деп бекер айтылмаған. Дегенмен әйел туралы айтқанда бірінші біз анамызды еске аламыз. Бұл әрдайым ерекше жылылықпен айтылады. Қымбатты әйелдер бұл мерекеде сіздерге шексіз алғысымды білдіремін, отбасыларыңызға береке, мықты денсаулық, қуанышты күндер тілеймін. Бақытты болыңызыдар!" - деді қала басшысы.
Сөз соңында Бауыржан Байбек әзіл айтты: "Біра адам екіншісінен неге Халықаралық әйелдер күні дәл 8 наурызға белгіленді? - деп сұрапты. Қасындағы адам ойланбастан: Өйткені әйел әлемнің сегізінші кереметі", - деп жауап айтқан екен.
Оқи отырыңыз: