«Байдан өлді ме?»: Меруерт Түсіпбаева Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген 4 жасар баланың өліміне қатысты жанайқайын айтты

Ол елімізде балалар өлімі көбейгенін әрі қазіргі таңда ата-аналардың жауапкершілігі тым төмен екендігіне шүйлікті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл туралы ойын ойын әнші өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Достарым!! Көптен пост жазбадым…. Жаз бойы той- тойлап, қыз ұзаттық, енді студенттерде сабақ басталды, уй жөндеу, бітпейтін күйбең тірлік…. Кешеден бері , сайттар жарыса жазып жатқан , Алматыда болған хайуандық маза бермеді…. Қолыма қалам алғызды. 4 жасар шешесімен тұрып жатқан ботақанды, сол айелдің 19 жасар ашынасы (сожитель - любовник) ұрып, іш құрылысын, езіп жіберген, обал-ай онымен қоймай, балабақшасына апарып тастаған…. Әйтеуір, “суға батпайтын“ тәрбиешілер бар ғой, жаман ана ақыл берген ғой…. Өлсе , солардан көрерміз деп…..

Мисыз, ессіз айел туралы - АНА деп жазуға қолым бармады…. Артық кетсем , кешіріңіздер…Неқылған бешеная матка, байдан өлді ме?! Мыңдаған айел бір балаға зар болып отырғанда, сап-сау , өсіп қалған баланы ұрып өлтіргені несі?! Қатыгез, жауыздар- ай….Мен, талай айелді білемін, екінші рет тұрмыс құрғысы келсе де, бөтен еркек баламның көзін шұқымасын деп, өз бақытынан бас тартып, баласын жалғыз өзі жетектеп жеткізген…Америкадағыдай, Дархан деген боксер еркек емес езді, анау колледжде сабақ беретін, ұстазсымақты - 100 жылға соттау керек!!! Бізде ату жазасы жоқ қой….. әттең….МЕН ӨЗІМ АТАР ЕДІМ! P.s. Баланы анау айел (шешесі) өзі ұрған деген ақпарат бар», - деп жазды ол.