Байдарка мен каноэдан Қазақстан біріншілігінде батысқазақстандық жастар үздік өнер көрсетті

Өзге аймақтардан астаналық Шерхат Әбілқасымов қана жеңіс тұғырына көтеріле алды. Ол 500 және 1000 метр қашықтықта оралдық Азамат Рабаевпен бірге чемпион атанды. Бұлардың екеуі де қазіргі кезде республикалық олимпиада резервтерін даярлау орталығында жаттығып жүр.

1994 және одан кіші жастағылар арасында оралдық Кирилл Бахирев үш бірдей қашықтықта жеңімпаз атанса, батысқазақстандықтар Андрей Ергучев, Алексей Овчинников, Александр және Михаил Витошновтар да бірінші орынға көтерілді.