Оның сөзінше, өнер иесі бұзақылығы үшін, осымен екінші рет сотталған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ойын ол желідегі ресми парақшасында жазды.
«Байдың, атақты адамның баласы ғана кінәлі деген теріс түсінікті жою керек!
Әділетті Қазақстан құрғымыз келсе қылмыс жасаған адамға бай немесе кедей деп статус беріп ақтап, жақтауды доғару керек!
Екі күннен бері актерге көмек беріңіз деп жекеме шықпаған адам қалмады.
Айқайлап көмек сұрап шыққан адамның бәрі пәк емес!
Ең бірінші бұл актер жігіттің өзі алдын дәл осылай біреуді ұрып, шартты түрде сотты болған екен. Яғни бұл бұзақылық ісін екінші рет қайталаған үшін, ауыр жаза арқалап отыр. Олар бай мен кедеймін деген актерлік шеберлік сотта өтпейді.
Мына видеода актердің өзі бірінші қол жүгірткені көрініп тұр. Байдың баласын жатқызып алып бәрі жабылып тепкілеу ол жігіттік емес!
Ойбай байдың баласын сөзін сөйлеп жатсың, ақшаға сатылып кеттің ба деп жазатындар шығады қәзір. Кедейлер қылмыс жасамайды деген заңды алып келіңдерші!», - деді ол.
Десе де көпшілік заңгердің бұл сөзіне қарсы шыққан. Олар: «Адамды қағып өлтірген Үсенов, анаша қолданды деген “Т.Т.Т” тайраңдап кетіп, төбелеспен мына актердың 6,5жылға кетуі тым ауыр жаза емес пе? Ауыр жұмысқа салып, болмаса жылын аз беруге болмас па еді», «Әпше баларды зорлап өлтіргенге неге осылай шырылдамадыңыздар, бұл қай сасқаныңыз?», «6-жыл деген тым көп сондада. Жігіттік шақта бәрі де болады емес пе?», «Сіз де сатылып кеттім деңіз соңында», деп жазды олар.