Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Биылғы жылы (8 қарашадағы жағдай бойынша) министрлік байланыс операторларына қатысты 454 тексеру жүргізіп, 100,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Жүргізілген тексерулердің саны министрлікке келіп түскен хабарламалардың санына байланысты", - деп цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
Министрлік сондай-ақ байланыс қызметін көрсететін ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін күшейту бойынша түзетулер дайындағанын қосты. Байланыс саласындағы сапа стандарттарына, техникалық нормаларға және байланыс қызметтерінің сапасы көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсеткені үшін жасалған байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдың мөлшерін ұлғайту жоспарланып отыр.
Байланыс операторларына айыппұлдар ҚР ӘҚБтК-нің 637-бабында көзделген.