"Байлықтан тойынған қатын": Тұрсынбекпен "бірге өмір сүрмеймін" деген Мұқанованың басы дауға қалды

Бұл туралы продюсер Мөлдір Мұқанова Youtube-тегі Асхат Садырбай арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы. 

Мөлдір ханымның айтуынша, ол күйеуінің тоқал алуына түбегейлі қарсы. Ал, егер екінші әйел алған жағдайда, ол Тұрсынбекпен бірге тұрмайтынын кесіп айтты. 

"Барлық әйелдер секілді күйеуімнің тоқал алуына қарсымын. Егер ондай шешімі болып жатса, жолың ашық деймін. Бірге өмір сүрмеймін”, – деді Мөлдір Мұқанова.

Дейтұрғанмен, халық тарапынан Мөлдір Мұқанованы айыптау көп болды.