Бәйменовтың депутаттық мандаты "Ақжол" демократиялық партиясының бір мүшесіне қаңтар айының аяғы- ақпан айының басында табыс етіледі

Ә.Бәйменовтың айтуынша, депутаттық мандат партиялық тізім бойынша екінші тұрған Алтынбек Сәрсенбаевқа берілуі тиіс.

"Депутаттық мандатты өткеріп беру - шын мәнінде көз алдайтын шара. Оған партия басшылығы қатыспайды. Сол себепті А.Сәрсенбаев автоматты түрде мандаттың иесі болып шығады",- деді тең төраға. "Мандатты табыс ету шарасы Орталық сайлау комиссиясын алаңдатуға тиіс емес. Мемлекеттік орган ретінде бұл мекеме саяси ұғымдардың орнына заңдық нормаларға бағынуы тиіс",- деді ол.
Ә.Бәйменовтың айтуынша, "Орталық сайлау комиссиясы депутаттық мандаттан бас тарту туралы өтінішті қабылдап, тиісті қаулы қабылдауы қажет".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ә.Бәйменовтың депутаттық мандаттан бас тартатыны туралы мәлімдемені 4- қарашада жолдап, комиссия оны қабылдаған. Алайда, соңынан партия өкілдері Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданған хаттаманы алды. "Бұл хаттамаға таңба басылмаған және комиссия төрайымынан өзге мүшелердің қолы қойылмаған". 12-қаңтарда Қазақстанның "Ақжол" демократиялық партиясы ҚР Жоғарғы сотына шағым түсірген. Онда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Әлихан Бәйменовтың мәжіліс сайлауында жеңіп алған депутаттық мандатын "партиялық тізім бойынша екінші орында тұрған үміткерге беру процессін "Ақжол" демократиялық партиясының кезекті сьезіне дейін кейіндеткенін" атап көрсетті. Партияның тең төрағасының депутаттық мандаттан ресми түрде бас тартқанына қарамастан, 2005-жылдың 14-қаңтарында Орталық сайлау комиссиясы Әлихан Бәйменовты Қазақстанның "Ақжол" демократиялық партиясының партиялық тізімі бойынша парламент мәжілісінің депутаты деп тіркеу туралы қаулы шығарған.
Ә.Бәйменов өзінің мандаттан бас тартуына байланысты "Орталық сайлау комиссиясы ахуалды осындай жолмен шатастырып жібермекші" деген пікірде.