Байқауда бақ сынап көріңіз!

ҚР, 050045 (A17A9K8), Алматы қ., Бағанашыл ш/а., Строительная көшесі, 11/1, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Игі жобаға жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер қатыса алады. Егер мына талаптарға сай болса.

• кемінде екі курсты сәтті аяқтағандар;

• әрбір оқу жылындағы академиялық үлгерімнің жоғары көрсеткіштері (үздік үлгерімі) бар;

• қоғамдық және ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысатындар.

• республикалық, халықаралық фестиваль мен байқауларда жетістікке жеткендер («Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқу орындарының студенттері үшін).

Дәстүрлі байқауға тиісті талапқа сай келетін тегін және ақылы негізде оқитын студенттер қатыса алады. Шәкіртақы бір оқу жылына (екі семестрге) беріледі, маусым, шілде мен тамызды қоспағанда ай сайын төленеді.


Айтпақшы, алда-жалда қосымша сұрақ туындаса, байланыс нөміріміз мынау:

Байланыс нөмірі:

• Жоғары оқу орындарының студенттері үшін – 8 727 339 65 38, roza@fnn.kz (Едігеева Роза Мақашқызы).

• «Өнер және мәдениет» бағыты бойынша оқу орындарының студенттері үшін - 8 727 339 65 40, tismailov@fnn.kz (Исмаилов Тимур Мұратұлы).

Іске сәт! Бақ пен бап қатар шапсын!