Байқоңыр әкімшілігі РФ азаматтарының Қазақстан аумағынан шығу проблемасын шешуге талпынуда

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, азаматтардың өзара визасыз қатынауы туралы келісімнің хаттамасына сәйкес, 25-мамырдан бастап ЕурАзЭҚ-қа қамтылатын Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан аумағы арқылы қатынау үшін дипломатиялық, қызмет бабындағы және шетелдік төлқұжаттар қажет болмақ.

Осыған байланысты Байқоңырда Ресей азаматтары арасында шетелдік төлқұжат алуға ұзыннан-ұзақ кезектер түзіле бастаған. 20 мыңдай Ресей азаматтары жазғы демалыс кезінде республика аумағынан қажетті құжаттарды рәсімдеп ала алмай отыр.
Осыған байланысты қалалық әкімшілік РФ үкімет басшысы мен РФ СІМ-нің атына хат жолдап, онда күрделі ахуалды шешуге қажетті ұсыныстарын білдірді. Атап айтсақ, "Байқоңыр тұрғындары үшін жалпымемлекеттік төлқұжатқа сәйкес шекарадан өту жөніндегі бұрынғы тәртіпті сақтап қалу немесе хатттаманың орындалу мерзімін кейінге қалдыру" ұсынылған.