Кеше кешке өткен мемлекеттік комиссияның отырысы АҚШ-тың "Galaxy-14" телекоммуникациялық аппаратын ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңін тікелей ұшыру алаңында жалғастыруға шешім қабылдады. Бұған дейін техникалық ақауларға байланысты "Союзды" ұшыру мерзімі кейінге шегерілген болатын. Сөйтіп, ақау жойылып, айлақтағылар ұшырылым алдындағы дайындықтардың қалыпты кестесіне көшті.
Бүгін жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 30 минутта "Союз-ФГ" зымыран тасығышы №31 алаңның монтаждау және сынақ корпусынан шығарылып, зымыран тасығыш пен АҚШ-тың "Galaxy-14" телекоммуникациялық аппараты өзара түйістірілді. 9 сағат 45 минутта ол №1 алаңның ұшырылым жүзеге асырылатын "үстеліне" орнатылды.
Ғарыш айлағының мамандары алдағы бірнеше күн бойы зымыран тасығыш пен ұшыру кешенінің жүйелерін тексереді.
"Союз-ФГ" зымыран тасығышы 15-тамызда ұшырылады деп күтілуде.