Байқоңыр ғарыш айлағында АҚШ-тың "Galaxy-14" телекоммуникациялық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ақырғы тексерулерден өтуде

№31 ұшыру кешенінде телекоммуникациялық аппаратты жер орбитасына шығаратын "Фрегат" үдеткіш блогы мен зымыран тасығыштың барлық жүйелері мен жер үстіндегі ұшырылым жабдықтары дайындалуда.

Бүгін , ұшырылымнан 3 сағат бұрын зымыран тасығышқа жанармай құйылып, ұшырылымға дейінгі уақыт кері есептеле бастайды.
"Союз-ФГ" зымыран тасығышы 13-тамызда Астана уақытымен 5 сағат 28 минутта ұшырылады деп күтілуде.