"Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, 9-тамызда "Прогресс-М50" көлік кораблі "Союз-У" зымыран тасығышын ұшу алаңына алып шықты. Бұл жерде ғарыш айлағының мамандары екі күн бойы "Прогресс" ғарыш кемесі мен зымыран тасығыштың жүйелерін жоспарға сәйкес тексеріп шығады. "Прогресс" ғарыш кемесі 11-тамызда Астана уақыты бойынша 12 сағат 03 минутта ұшырылады.
Сондай-ақ, ғарыш айлағында РС-18 "Стилет" маркалы құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда. Ресей қорғаныс министрлігінің мүддесі үшін "Стилетті " ұшыру 10-тамыз күнгі 17 сағат 15 минутқа межеленген.