Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз ТМА-4" ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Қазіргі жағдаймен, "Союз ТМА-4" ғарыш кемесінің жүйелері мен аспаптарын тексеру мақсатында іске қосу жұмыстары қолға алынды. Ғарыш кемесі №1 алаңнан "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен халықаралық ғарыш станциясына 19-сәуірде жол тартады деп жоспарланған.

Қазір Халықаралық Ғарыш станциясына аттанатын тоғызыншы экспедицияның негізгі және қосымша экипажы Жұлдызды қалашықтағы дайындық жұмыстарын аяқтауға жақын. Келесі аптада олар Байқоңырға ұшып келеді деп күтілуде.