Байқоңыр ғарыш айлағында жақын арадағы ғарыш ұшырылымдарына дайындық жүріп жатыр

Ғарыш айлағында Ресейдің "Экспресс-АМ33" байланыс жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын, "Прогресс М-63" жүк кемесін алып ұшатын "Союз-У" зымыран тасығышын және Израильдің Amos-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының алдағы ұшырылымдарға дайындық жаңа жылдық демалысқа қарамастан толық көлемде жүргізілетін болады, бұл 2007 жылдың 30-желтоқсанынан 2008 жылдың 8-қаңтарына дейін жалғасады.

"Экспресс-АМ33" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға қарқынды дайындық жұмыстары 2008 жылдың алғашқы күндерінде басталады. "Экспресс-АМ33" ғарыш аппаратын М. Решетнев атындағы қолданбалы механикалық ғылыми-өндірістік бірлестігінен қаңтардың басында әкелу күтілуде. Қазіргі уақытта ғарыш айлағында Байқоңырға үстіміздегі жылдың 25-желтоқсанында жеткізілген "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Келесі жылы Байқоңырда жүзеге асырылатын ұшырылым науқанын ашатын Ресейдің "Экспресс-АМ33" байланыс жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру 2008 жылдың қаңтар айының соңына межеленген.

Сонымен қатар № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында "Прогресс М-63" жүк кемесінің жүйесіне тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ғарыш жүк кемесін Халықаралық ғарыш станциясына "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру келер жылдың 7-ақпанына межеленген.

Сондай-ақ, Ресейдің Ауыр машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы, "Вымпел" тәжірибелік-конструкторлық бюросы, "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы, Украинаның "Южное" конструкторлық бюросы мен басқа да ғарыш ұйымдары Израильдің Amos-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жалғастыруда.

Байқоңырдан Amos-3 ғарыш аппаратын алып ұшатын модернизацияланған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының алғашқы ұшырылымы.