Байқоңыр жолдарында автоматты бақылау камералары орнатылмақ

"Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында жасалған Байқоңыр кешенін жалға беру келісіміне сәйкес, Байқоңыр қаласындағы жол қозғалысының қауіпсіздігін Ресейдің Мемлекеттік жол қозғалысының қауіпсіздігі инспекциясының бөлімшесі бақылайды. Ал кешен аумағында РФ аумағында белгіленген және сол жақта әрекет ететін ережелердің заңдық күші бар. Оған азаматтығына қарамастан ғарыш кешенінің аумағындағы көлік құралдарының жүргізушілері бағынуға міндетті.