Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық жалпы бөлігі құрастырыла бастады

Ғарыш айлағының мамандары "АМС-14" ғарыш аппаратын ұшырылымға дайындаудың жұмыстарын жалғастыруда.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 92А-50 алаңның монтаж-сынақ кешенінде зымыран тасығыштың ғарыштық жалпы бөлігін құрастыру жұмысы басталды.

"Бриз-М" ауыспалы жүйесі мен "АМС-14" ғарыш аппаратынан тұратын ғарыштың бас бөлігіне түйістіру іске асырылады.

Жалпы ғарыш тасығышын құрастыру жұмыстары аяқталғаннан соң, алдағы аптаның басында "Протон-М" зымыран тасығышының "Бриз-М" үдеткіш блогын төменгі қысымды бактарын жанармаймен толтыру үшін техникалық отын құю стансасына жеткізіледі.

Байқоңырдан "АМС-14" ғарыш аппаратын "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.

"АМС-14" телекоммуникациялық серігін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.