Байқоңырда "АМС-14" ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау кестесі бойынша үшінші күнгі жұмыстар атқарылуда

"Байқоңыр" ғарыш айлағында №200 алаңның ұшырылым кешенінде №39 алаңның ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылған "Протон-М" зымыранын ұшырылымға дайындау жұмыстары жалғастырылуда. Ол американдық телекоммуникациялық "АМС-14" серігін орбитаға шығаратын болады.

Кеше ұшырылым алаңында кестенің екінші күнгі операциялары жүргізілді. Ғарыш айлағының мамандары күні бойы зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығын тексеріп, зымыранға май құюдың жұмыстарын шартты түрде жасады.

М. Хруничев атындағы мемлекеттік орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары үшінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісті. Ұшырылым кешенінде зымыран тасығышқа отын құюға дайындық жұмыстары мен зымыранға отын құю шарасының имитациясы жасалуда. Ғарыш айлағының мамандары жер үстіндегі ыдыстардан жанармай құятын құбырларды зымыран тасығыштың құбырларымен қосуды жүзеге асырып, олардың герметикалық қасиетін тексеруде.

Зымыранға жанармай құю шарасы ертең, 14 наурызда, ұшырылымға 6 сағат 30 минут қалғанда іске асырылады.

Байқоңырдан "АМС-14" ғарыш аппаратын "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына Астана уақытымен 5 сағат 18 минутқа межеленген.

"АМС-14" телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.