"АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының дайындық жұмыстары барысында ғарыш айлағының мамандары келесі операцияға кірісті.
Бүгін таңертең №31 алаңның жанармай құю станциясында осы жерге кеше жеткізілген "Бриз-М" үдеткіш блогының жоғары қысымды бактарына отын компоненттері мен сұйытылған газ құйыла абстады.
Жанармай құю екі күнге созылып, бұдан кейін "Бриз-М" үдеткіш блогы №92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, онда "АМС-14" ғарыштық аппаратымен және өтпелі жүйемен түйістіріледі.
"Бриз-М" үдеткіш блогы америкалық "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигін геостационарлық орбитаға шығаруға арналған.
Байқоңырдан "АМС-14" ғарыш аппаратын "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.
"АМС-14" телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.