Ғарыш айлағының мамандары "АМС-14" ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының наурыздың ортасына межеленген көктемгі бірінші ұшырылымына дайындалуда.
92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусында шетелдік мамандар 14 ақпанда ғарыш айлағына жеткізілген "АМС-14" ғарыштық аппаратының жүйелерін тексеруге кірісті. Сынақтардан кейін ғарыштық аппаратта отын құйылып, өтпелі сатымен және үдеткіш блокпен түйістіруге жіберіледі.
"Бриз-М" үдеткіш блогы 22 ақпанда жеткізіледі деп күтілуде.
Ал қазір М.Хруничев атындағы орталық мамандары ғарыштық аппаратты ғарышқа шығаратын, 13 ақпанда жеткізілген "Протон-М" зымыран тасығышының блоктары мен сатыларын жинақтауда.
Бұған қоса М. Хруничев атындағы орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары №200 алаңның ұшырылым кешенінің ұшыру қондырғысын дайындауда, онда 11 ақпанда "Протон-М" зымыран тасығышы мен Норвегияның "Тор-2Р" ғарыштық аппаратын ұшыраудан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы АҚШ-тың "АМС-14" байланыс жер серігін алып 2008 жылдың 15-наурызында ұшады деп межеленген.
"АМС-14" ғарыштық аппаратын Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы жасап шығарған. Жер серігі 32 транспондермен қамтамасыз етілген және Солтүстік Америка тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз етеді. "АМС-14" 15 жыл пайдаланылуға тиіс.