Байқоңырда АҚШ-тың АМС-23 байланыс жер серігін ұшыруға дайындық шаралары басталды

Орталық ақпаратына сәйкес, американың АМС-23 телекоммуникациялық аппаратын жер орбитасына "Протон-М" зымыран тасығышы алып шығады.

"Протон" мен "Бриз-М" үдеткіш блогы №200 алаңнан 1-желтоқсанда ұшырылады деп күтілуде.
Бүгін, 28-қазанда ғарыш айлағында №92А-50 алаңындағы монтаж-сынақ корпусында зымыранның бірінші сатысы құрастырылып, екінші және үшінші сатылары түсіріледі.