Американдық мамандар ғарыштық аппараттың қозғалтқышын отын компонеттерімен толтыруға кірісті.
АҚШ-тың "Galaxy-14" телекоммуникациялық аппаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышы "Фрегат" үдеткіш блогының көмегімен жер орбитасына шығарады. Осыған байланысты №31 алаңда "Союз-ФГ" зымыран тасығышын дайындау жұмыстары басталды. Қазір бас кәсіпорын мен "ЦСКБ-Прогресс" бюросының байқоңырлық филиалының қызметкерлері "Вымпел" тәжірибелік-конструкторлық бюросының пайдалану және сынақ орталығы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары бірлесіп зымыран тасығышты пневматикалық тексеруге дайындауда. Ғарыштық аппарат 2005-жылдың 6-тамызында ұшырылады.