Байқоңырда АҚШ-тың Telstar-11N жер серігі мен "Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

"Зенит-3SLБ" зымыран тасығышын ДМ-SLБ үдеткіш блогымен және АҚШ-тың телекоммуникациялық Telstar-11N жер серігімен қоса 2008 жылдың желтоқсан айының аяғында ұшыру жоспарланған.

Telstar-11N ғарыштық аппаратын "Лорал Скайнет" фирмасы жасаған, оның Ku-диапазондағы 39 транспондері бар. Telstar-11N жер серігі Орталық және Солтүстік Америкада, Еуропа, Африка мен Атлант мұхитында тұтынушыларға байланыс қызметін көрсетуге арналған.