Байқоңырда "АрабСат-4Б" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жалғасуда

" 92А- 50 алаңындағы монтажды-сынақ корпусында "АрабСат-4Б" ғарыш аппаратының және "Бриз -М" үдеткіш блогының жүйелерін ақтық тексеруден өткізуде.

Тексеру аяқталғаннан кейін ғарыш аппараты үдеткішпен түйістіріліп, зымыран тасығыштың бас сүйірімен жабылды",-деп хабарлайды ФҒО баспасөз қызметі.

"Одан кейін ғарыш аппаратының басты бөлігі 95 алаңдағы мондажды -сынақ корпусына жеткізіліп, зымыран тасығышты жинау басталады",-деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.

3 қарашада мемлекеттік комиссия отырысы өтеді, онда 200 алаңындағы ұшыру корпусында дайындық жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылданады.

Араб жер серігі байланысы ұйымына тиесілі "АрабСат-4Б", сандық телевизия қызметін ұсынуға , тікелей телехабарларды таратуға, Араб елдеріне Интернет қызметін ұсынуға арналған.

"АрабСат-4Б" "АрабСат" ғарыш тобындағы байланыс жер серіктерінің екіншісі болып табылады. Айта кетейік, "АрабСат-4А" жер серігін орбитаға шығару мүмкін болмады.

Үдеткіш блогымен "АрабСат-4Б" ғарыш аппараты бар "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру Астана уақыты бойынша 9 қарашаға 2 сағат 1минутқа (Мәскеу уақыты бойынша 8 қараша күні 23.01минутқа) белгіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті