Байқоңырда Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары екінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жүргізілуде

Кеше Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылды.

"Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылым кешеніне шығару туралы шешім 1 қарашада өткен мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен 2008 жылдың 6-қараша күні Астана уақытымен 02 сағат 44 минутта ұшыру жоспарланған. Бұған дейін ұшырылым екі мәрте кейінге шегерілді.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.