"Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағының мамандары №109 алаңға тасымалданып, ғарыш саласы мен Ресейдің Ғарыштық әскерлерінің мамандары зымыранды шахтаға орналастырған "Днепр" зымыран тасығышының дайындығын одан әрі жүргізуде.
Қазір зымыранды бас бөлікпен құрастыруға дайындауда.
"Днепр" зымыран тасығышы (РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының конверсиялық өзгертілген түрі) RapidEye жүйесінің қашықтан зонд жүргізу және мониторинг мақсатындағы бес жер серігін мақсатты орбитаға шығаруға арналған.
RapidEye ғарыштық аппараттары ғарыш айлағының №31 алаңында №40 монтаж-сынақ корпусының камераларында ұшырылым алыдндағы дайындықтан өтті, қазір олар сақтау режимінде зымыран тасығыштың бас бөлігімен түйістіруді күтуде.
Бес жер серігін алып ұшатын "Днепр" зымыран-тасығышының кластерлік ұшырылымы тамыздың аяғында жүзеге асырылмақ.