Байқоңырда "Бриз-М" үдеткіш блогын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

"Бриз-М" үдеткіш блогы ғарыш айлағына дүйсенбі күні кешкісін жеткізілді. "Бриз-М" үдеткіш блогы "Протон-М" зымыран тасығышымен бірге жер орбитасына Канаданың Anik F1R телекоммуникациялық жер серігін алып ұшады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 2005-жылдың қыркүйек айында аспан кеңістігіне жол тартады деп күтілуде.
Anik F1R телекоммуникациялық жер серігі Солтүстік Америка аумағында тікелей телехабарларын таратуға арналған.