Бүгін №200 алаңның ұшырылым кешенінде 11 наурызда №39 алаңның ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылған "Протон-М" зымыранын ұшырылымға дайындық операциялары аяқталады. Ол американдық телекоммуникациялық "АМС-14" серігін орбитаға шығаратын болады.
Бұл 2008 жылдың басынан бері Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған үшінші "Протон-М" зымыран тасығышы. Бұдан бұрын "Экспресс-АМ33" және "Тор-2Р" ғарыш аппараттары қаңтар, ақпан айларында жіберілген.
Ғарыш саласындағы кәсіпорындардың мамамндары ұшырылым кестесі бойынша жұмыс істеуде. Бүгін "Протон-М" зымыран тасығышын жанармайымен толтыру жұмыстары жасалуда. Отын құю шарасы ұшырылымға 6 сағат 30 минут қалғанда басталады. Ал ұшырылым уақыты сағат 23.00 белгіленген.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін, мемлекеттік комиссия ғарыш зымыранын ғарыштық отын құрамымен толтыру жөнінде шешімді бүгін кешке өтетін жиналыста шығаратын болады. Мемлекеттік комиссия мүшелері мен техникалық жетекшілер ғарыштық ұшырылымға арналған зымыранның дайындығын, ұшырылым қондырғысы, сондай-ақ "Протон-М" зымыран тасығышы мен "АМС-14"ҒА ұшырылымына қатысы бар басқа да ғарыш айлағындағы инфрақұрылым нысандарына байланысты қорытындысын жасайды.
Байқоңырдан "АМС-14" ғарыш аппаратын "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына Астана уақытымен 5 сағат 18 минутқа межеленген.
"АМС-14" телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.