Байқоңырда бұрынғы үш полиция қызметкері есірткі сатқаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айрылды



Атап айтсақ, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өілдігі криминалдық полиция бөлімінің бұрынғы аға жедел уәкілі Ғ. Мамырайымов ҚР ҚК 235-бабының 4-тармағы (ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қаумдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және басқару, қылмыстық қауымдастыққа қатысу); 308-бабының 4-тармағының "а, в" тармақшаларында (билігін немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану); 259-бабының 4-тармағының "а, б" тармақшаларында (есірткілік құралдарды немесе психотроптық заттарды заңсыз әзірлеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жіберу немесе сату) қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды және жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтеумен, 3 жылға мемлекеттік лауазымдарға тұру құқығынан айырумен 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, осы соттың үкімімен жоғарыда аталған ҚР ІІМ өкілдігінің бұрынғы жедел уәкілдері Қ.Дәрменбаев және Ғ.Досмайылов ҚР ҚК 308-бабының 4-тармағы, "а, в" тармақшаларында (билігін немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) және 259-бабының 4-тармағы, "а, б" тармақшаларында (есірткілік құралдарды немесе психотроптық заттарды заңсыз әзірлеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жіберу немесе сату) қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылды және жазаларын қатаң режимдегі түзету колониясында өтеумен, 3 жылға мемлекеттік лауазымдарға тұру құқығынан айырумен 12 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Баспасөз қызметі осы орайда аталған тұлғалардың осы жылдың қаңтар айында ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаменті қызметкерлерінің ресейлік милициямен бірлесіп өткізген іс-шаралардың барысында героин сатып жатқан жерлерінде ұсталғанын еске салады.