Байқоңырда экипаж ғарышкерлері "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінде жаттығулар жүргізуде

Бүгін таңертең негізгі экипаж мүшелері Сергей Волков (Ресей Федерациясы), Олег Кононенко (Ресей Федерациясы), Йи Сойон (Корея Республикасы) және дублерлер - Михаил Сураев (Ресей Федерациясы), Олег Скрипочка (Ресей Федерациясы) және ғарыштық ұшырылымның қатысушысы Сан Ко (Корей Республикасы) "Союз ТМА-12" ғарыш кемесінде жоспарланған жаттығуларды жасау үшін 254 алаңның монтаждық сынақ корпусына барды.

Жаттығу барысында негізгі және қосалқы экипаж мүшелерінің анатомиялық денесі гипске түсіріліп, оларға арналған ұшу-қону орындықтары жасалады. Сондай-ақ, олар байланыс жүйелерінің жұмысы мен ғарыш кемесіндегі құралдардың орналасуын тексереді.

Жаттығулар аяқталғаннан кейін экипаж "Союз ТМА-12" ғарыш кемесінің ұшырылымы "Союз-ФГ" зымыран тасығышы көмегімен болатын ұшырылым дайындықтарымен танысып, дәстүр бойынша ұшыру кешенінің №1 Гагарин алаңына барып, сосын №2 алаңындағы ғарыш айлағының мұражайына экскурсия жасап, жаттығуларды жалғастыру үшін "Косманавт" мейманханасына қайтады.

Ертең 28 наурызда Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын "Союз ТМА-12" экипажы ұшырылымының қорытынды дайындық кезеңінің ресми мәресі басталып, ұшырылымға қатысушы мемлекеттер туларының ресми көтерілуі белгіленген.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен ғарышкерлер экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ғарыш айлағының №1 алаңынан ұшыру 2008 жылдың 8 сәуіріне Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.