"Экспресс АМ11" сателлиті - "Ғарыштық байланыс" Федералдық Мемлекеттік Ұшулар басқармасының тапсырысы бойынша М.Решетнев атындағы Ғылыми-өндірістік бірлестігі жасап жатқан бес геостационарлық байланыс жер серігінің екіншісі болмақ. Осы үлгідегі алғашқы жер серігін "Протон" 2003-жылдың 29-желтоқсанында жер орбитасына шығарған.
"Экспресс АМ11" ғарыштық аппаратын "Протон" зымыран тасығышы 27-сәуірде алып ұшады деп күтілуде.