Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бүгін №92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Протон-М" зымыраны мен "Бриз-М" үдеткіш блогының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады".
Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен 2008 жылдың 3 қарашасында ұшыру жоспарланған.
Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.
Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.