Байқоңырда GlobalStar жер серіктерін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы құрастырыла бастады

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары "Союз-ФГ" зымыран тасығышы, төрт дана GlobalStar жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш бөлігі орнатылған зымыранның бас бөліктерін жаппай құрастыруға кірісті.

Құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүгін кешке мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, ол "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырылым алдындағы дайындықтар үшін № 31 алаңның "ұшырылым үстеліне" шығару жөнінде шешім қабылдайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ұшырылымға дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ұшырылым кешеніне ертең, 18 қазанда шығарылуға тиіс. Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары үш күн бойы ұшырылым кешені мен зымыран тасығыш жүйелерін тексереді.

"Союз-ФГ" зымыран тасығышы "Фрегат" үдеткіш блогын және 4 дана GlobalStar телекоммуникациялық жер серктерін алып 21 қазан күні Астана уақытымен 2 сағат 12 минутта (Мәскеу уақытымен 0 сағат 12 минут) №31 алаңнан ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті