Байқоңырда ГЛОНАСС жүйесіне енетін үш жер серігін ұшыруға дайындалуда

Кеше кешке "Глонасс-М" ғарыштық аппараты "Юбилейный" әуежайына жеткізілді. Ғарыш айлағының мамандары ғарыштық аппарат пен қосалқы жабдықтар салынған контейнерлерді түсіргеннен кейін жер серігі ұшу алдындағы дайындықтар үшін монтаждап сынап көруге арналған корпусқа жеткізілді.

"Үш ғарыш аппараты да Байқоңырға белгіленген мерзімде жеткізілді. Ғарыш айлағында мамандар жер еріктерін ұшырылымға дайындауда. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүзеге асырылуда",- деп хабарлайды "Роскосмос" агенттігі.

"Глонасс-М" ғарыштық аппараты академик М.Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік қолданбалы механика бірлестігінде жасалған. Ол Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық тобына жататын аппараттары кластерінің жер орбитасына шығарылатын үшінші жер сергі болып табылады. "Жер серіктері Ресейді навигациялық дабылдармен үзіксіз ғаламдық тұрғыда қамтуды жүзеге асыруға арналған ГЛОНАСС жүйесіндегі орбиталық топтарды өсіре түсу үшін ұшырылады",- деп хабарлайды Федералдық ғарыш агенттігі.

ГЛОНАСС жүйесіне жататын үш ғарыштық аппаратты алып ұшатын "Протон-К" зымыран-тасығышы ғарыш айлағының 200-алаңынан 2006-жылдың 26-желтоқсанында ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті