Байқоңырда "Глонасс-М" ресейлік навигациялық аппаратын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, ғарыш айлағының мамандары 92А-50 алаңының монтаждау-сынақ корпусына ДМ үдеткіш блогы мен "Глонасс-М" үш ғарыш серігінің біріншісін орналастырған. Сонымен қатар, "ғарыш аппаратында ұшырылымға дайындауға қатысты жұмыс басталған. Басқа екі жер серігі мен "Протон-К" зымыран тасымалдағышы қарашаның екінші жартысы - желтоқсанның басында жеткізіледі деп күтілуде".

"Бұл Байқоңырдан ұшырылатын 2007 жылы ресейлік навигациялық аппараттарының екінші ұшырылымы болып табылады. "Глонасс-М" үш аппаратын алып "Протон-К" зымыран тасымалдағышы 26-қазанда ұшқан болатын",- деп түсіндіріп өтті ақпарат көзі.

"Глонасс-М" ғарыш аппараты академик М. Решетнев атындағы Ғылыми-өндірістік қолданбалы механика бірлестігінде жасалған және ол ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің аппараттар топтамасын толықтыруға тиіс.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, "24 ғарыш аппаратынан құралған топ 2008 жылы толығуға тиіс. Жүйеге шетелдік тұтынушылар 2009 жылы ғана қол жеткізе алады".

Жүйе 1993 жылы пайдаланыла басталған. Техникалық жоба бойынша, Жердің бетінде 19 100 шақырым биіктіктегі үш орбиталық жазықтықтағы дөңгелек орбитада тұрған жер серігінің техникалық жобасы бойынша координат нақтылығын қамтамасыз етеді.

ГЛОНАСС жүйесін дамыту Ресей үшін де, Қазақстан үшін де стратегиялық мәнге ие. Ғарыш бағдарламаларының аясында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында ГЛОНАСС жобасына бірлесе қатысу туралы келісім жасалған.

"Глонасс-М" үш ғарыш аппаратын "Протон-К" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2007 жылдың 25-қазанына жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті